Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Оспанова Лейла Жаксылыковна

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары №1 толығырақ

Екижанов Азамат Серикович

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары №2 толығырақ

Ұлт жоспарын, ҚР Президентінің Жолдауын, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін және колледждің стратегиялық мақсаттарын басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалды.

Мақсаты: «Мәңгілік ел» құндылықтары негізінде тұлғаны құрамдастыру үшін жағдай жасау. Рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене жетілуін, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық бірегейлікті, білімге табынушылықты, эволюциялықты және сананың ашықтығын бойына сіңірген, әлеуметтік рөлдер жүйесін толыққанды орындауға, өзінің өмірін ХХІ ғасырға лайықты адам етуге дайын әрі қабілетті жан-жақты әрі үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Тәрбиелік міндеттер:

1. «Жігер» ЖАК арқылы колледжде өзін-өзі басқаруды жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру».

2. Жобалау қызметін дамыту. Жобалар жұмысын жалғастыру, «СТОПВ» тобының электрондық базасын жетілдіру.

3. Жобалау қызметі арқылы ерекше назар аударуды талап ететін, студенттерге әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

4. Студенттердің бойында таңдалған мамандықтың маңыздылығын түсінуді, жобалық қызмет, кәсіптер бойынша конкурстар, әлеуметтік серіктестермен өзара байланыс арқылы өмірдегі ең жоғары құндылық ретінде еңбекке оң көзқарасты арттыратын құндылықтар жүйесін құрамдастыру.

5. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмыс жүргізу. Студенттерді спорт секцияларына, «Үздік спорт тобы» конкурсына тарту.

6. Тәрбие жұмысын цифрландыру бойынша жұмысты бастау.

7. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмысты жалғастыру.

8. Колледж студенттерінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымды құрамдастыру үшін қажетті құндылық бағдарларын тәрбиелеу бойынша жұмысты жүйелеу және күшейту.

9. Білім алушылар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында Орталық және Михайлов ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ, «Дін істері басқармасы» ММ, өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.

10. Студенттерді еріктілер қозғалысына белсенді түрде тарту.

11. Экологиялық тәрбиені құрамдастыру.

12. Девиантты және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.

Тәрбиелеу принциптері. Тәрбиелеу міндеттерін шешу барысында келесі принциптерді қолданған жөн:

  • табиғат сәйкестігі принципі;
  • ізгілендіру принципі;
  • үздіксіздік принципі;
  • мәдени сәйкестілік принципі;
  • этникалық принцип;
  • іс-әрекетте және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу принципі;
  • субъективтілік принципі;
  • педагогикалық өзара әрекеттестікті даралау принципі;
  • полисубъективтілік принципі;
  • диалогтылық принципі;
  • белсенділік принципі;
  • жоғары талаптылықпен үйлескен жеке тұлғаны құрметтеу принципі;
  • іс-әрекеттегі табысты қамтамасыз ету принципі;
  • позитивтілікке сүйену принципі;
  • оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру принципі;
  • ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі;
  • тәрбиелік әсердің бірлігі принципі;
  • тәрбиенің өмірмен және өндірістік практикамен байланысы принципі;
  • балалар өмірін эстетизациялау принципі;
  • педагогикалық басқаруды тәрбиеленушілердің бастамасы мен тәуелсіздігін дамытумен ұштастыру принципі;
  • тәрбие ұлттық және әлемдік мәдениеттің рухани-адамгершілік дәстүрлері мен нормаларына негізделуі керек деп тұжырымдалатын жалпыадамзаттық құндылықтар принципі.

Тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары:

1. Ұйымдастырушылық-талдау жұмысы

2. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие.

3. Рухани-адамгершілік білім.

4. Ұлттық тәрбие.

5. Отбасылық тәрбие.

6. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.

7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

8. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

9. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.