Телефондар:

  • +7 (7212) 41‒17‒20вахта
  • +7 (7212) 41‒17‒18қабылдау бөлімі

Корпустар мекен-жайы:

  • Бұқар Жырау даңғылы, 91 корпус
  • Костенко, 112 корпус
  • Бұқар Жырау даңғылы, 11a1 корпус
  • Волгодонская, 454 корпус

Жұмыс уақыты:

  • дс-жм 08:00-18: 00түскі үзіліс 13:00-14:00
  • сенбі 08:00-14:00

Әлеуметтік желілер:

Видение, миссия и стратегия

Миссиясы:

  • Кәсіби даярлау саласында инновациялық білім беру қызметтерін көрсететін және қоғамда сұранысқа ие дағдылары бар тұлғаны дамытатын ТжКОБ бәсекеге қабілетті оқу орны.

Пайымдауы:

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялар көшбасшысы.
  • Өзекті техникалық мамандықтар бойынша жұмысшы кадрларды даярлау және қайта даярлау Құзырет орталығы.
  • WorldSkills халықаралық стандарттарының талаптарын білім беру бағдарламаларына енгізу мақсатында Құзыреттілік орталығының қызметін дамыту және ұйымдастыру, WorldSkills чемпионаттарына дайындалу және қатысу.
  • ТжКОБ ұйымының аккредиттеу стандарттары негізінде корпоративтік және тиімді басқару стандарттарын құрамдастыру және енгізу орталығы.

Колледждің тұжырымдамалық моделі:

Мақсаттар:

  • Кәсіптік білім беру кеңістігінде сұранысқа ие және сапалы кәсіптік білімді қамтамасыз ету үшін колледждің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту;
  • Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және білім беру процесін цифрландыру арқылы болашақ экономикасына бағдарланған сапалы білімнің қолжетімділігін арттыру;
  • Кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті құзыреттіліктерді иеленген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау;
  • Құзыреттілік орталығының қызметі арқылы ғылымның зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • Қолданбалы бакалавриат деңгейінің интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру жолымен үздіксіз білім беруді дамыту және жетілдіру.

Міндеттер:

1. Түлектердің кәсіби даярлығы сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру:

- білім беру процесін ақпараттандыру мен цифрландырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету; - оқыту мен тәрбиелеуді сапалы оқу-әдістемелік сүйемелдеуді құру; - АТ, оқытудың модульдік жүйесін енгізу және жетілдіру;

- Құзыреттілік орталығы (Студенттік IT-орталығы), Бизнес-мектеп, Колледждің СКБ, Роботтехника мектебі қызметі арқылы студенттердің зияткерлік, инженерлік-конструкторлық, кәсіпкерлік қабілеттерін құру және дамыту; - кәсіби өсуді ынталандыру және оқытушылар құрамының әлеуетін тиімді пайдалану жүйесін құру.

2. Кәсіптік стандарттар негізінде жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру мазмұны мен технологиясын жетілдіру, сондай-ақ педагогикалық және кәсіптік құзыреттілікті жетілдіру арқылы зияткерлік әлеуетті дамыту.

3. Оқытудың практикалық бағдарлануын ескере отырып, оның ішінде Құзыреттілік орталығының қызметін дамыту және жетілдіру жолымен мамандарды даярлау сапасын басқарудың тиімділігін арттыру.

4. Құзыреттілік орталығының жаңа білімдерді іздеуге, олардың белсенді трансфері мен консультациялық, сервистік және жоғары кәсіби қызметті көрсетуге бағытталған қызметі.

5. Колледждегі қаржы-экономикалық және әлеуметтік механизмдерді жетілдіру.

2020 ж. «24» қаңтарында колледж директорымен бекітілген «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК 2020-2025 жылдарға арналған СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ