Құрметті ата-аналар мен талапкерлер!
Колледжге түсу үшін өтініштерді қабылдау мерзімдері:
- Мемлекеттік тапсырыс бойынша ағымдағы жылғы 25 маусым мен 18 тамыз аралығында
- ақылы негізде 25 маусым мен 25 тамыз аралығында
- оқудың кешкі және сырттай нысанына - 25 маусым мен 20 қыркүйек аралығында
- шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 25 маусым мен 20 шілде аралығында
- педагогикалық мамандықтар бойынша – 25 маусым мен 15 тамыз аралығында.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе колледжге бару арқылы келесі құжаттарды тапсыра аласыз:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала жасынан мүгедектігі бар адамдар үшін № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).
Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты оқудың күндізгі нысанына ағымдағы жылғы 31 тамызға дейін, оқудың кешкі және сырттай нысанына 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стенділерге немесе колледждің интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.